Ақтөбедегі өрттен аман қалған автобус жолаушылары ауруханадан шықты
Бүгін Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында автобус өртінен зардап шеккен бес адам ауруханадан шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Бүгін барлығы ауруханадан шығарылды. Науқастардың жағдайы тұрақты », – деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев.
Өрттен аман қалған бес адамның үшеуі қазақ, ал екеуі өзбек екені бұған дейін де айтылған еді. Олар ауруханаға 18-қаңтар күні бет және қолдарын күйік шалып түскен болатын.
18 қаңтарда Ақтөбе облысының Самара-Шымкент тас жолында Шымкенттен Қазанға бағыт алған жолаушылар автобусы өртенді. Өрт салдарынан 52 жолаушы қаза тапқан, олар Өзбекстан тұрғындары болып шықты. Ал аман қалған 5 адамның ішінде Оңтүстік Қазақстанның 3 тұрғыны мен 2 Өзбекстан азаматы бар.
Жіберіп алмаңыз:
Пайдасы мен зияны: Мехенди салдырған дұрыс па?
Францияда алғаш рет адамның бетін қайтадан ауыстыру операциясы жасалды
Бетіндегі үлкен жарасын алып тастаған бала отадан соң көз жұмды (фото)
Дәрігерлер Астанада аяғын үсік шалған қыздың хәлі туралы айтып берді