Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі балабақшада үш жасар сәбидің ерні жырылып тісі сынған

Мұны тәрбиешелір ата-анасына айтудан қорқып, жасырып қалыпты. Әлі күнге дейін олар кішкентай Санжардың қалай соққы алғанына қатысты жұмған ауыздарын ашар емес. Ал ашынған анасы тәртіп сақшыларына арызданды, деп хабарлайды КТК арнасы.

ерни жыртылган

Санжар балабақшадан қайтарда ауызын көрсеткенде анасы талып қала жаздапты. Өйткені иегі ішіне кіріп, тістері түсіп қалған. Қызыл еті жыртылған. Дереу дәрігерге көрсетіп, артынша сараптама да жасатқан. Ондағылар бөбектің ауыр соққы алғанын айтады. Дегенмен, балабақша басшылары өздеріне шаң жуытар емес. Олар Санжардың мекемеден қайтқан соң жарақат алуы мүмкін деп отыр. Енді істің ақ-қарасын тәртіп сақшылары анықтайды. Оқиға болған «Кәусар» балабақшасы тәрбиешілерінің былтыр да басы дауға қалған еді. Ол кезде бөбектерді апайы ауыздарын скочпен жабыстырамын деп қорқытқан.

«Баламның жарақатын көріп, тәрбиешілерден не болғанын сұрасам, бәрі білмейміз дейді. Көз алдарында не болғанын қалай білмейді? Ондай адамдарды жазалау керек. Балалардың маңына жолатпау керек», – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Анар Өтеулина.

Жіберіп алмаңыз:

Жергілікті кәсіпкер “Астана-Бурабай” тасжолында ерлікпен қаза тапқан азаматтың отбасына көмектесіп тұруға уәде берді

Шымкентте әйелін төркініне әкелген азамат ұлымен Өзбекстанға қашып кетті

Күйеуін өлтіріп алған келіншек сот залынан ақталып шықты

Астанада төртемнің өмірге келуі ата-анасы үшін күтпеген тосынсый болды (фото, видео)

Талқылау