Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ата-анасын жазаға тарту керек": Ақтөбеде жүргізушілер жолға шығып кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

бала

Фото: Видеодан скрин

Ақтөбеде ата-анасының қарауынсыз қалған кішкентай қыз көліктер жиі жүріп жатқан тас жолға шығып кетті. Жүргізушілер баланың жол ортасында жүргенін көрген жүргізушілер көліктен жүгіріп шығып, аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Некрасов көшесіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсірілген видео тарады. Екі жастан асқан кішкентай қыз жалғыз өзі көліктер жиі жүріп жатқан жолға шығып кеткен. 

Видеодан баланың жолға қарай жақындап, көліктер жоғары жылдамдықпен жүріп жатқан жолға шығып кеткенін көруге болады. Жүргізушілер жедел тоқтап, оын көтеріп, жолдың жиегіне шығарып тастады.

Желіде таған видеодан бүлдіршіннің жолға екі рет шығып кеткенін анық көруге болады. Абырой болғанда, бала аман-есен. Полиция қазір бүлдіршіннің жеке басын анықтап, ата-анасын іздестіріп жатыр.

“Оқиға тіркелді, қазір ол полицияның бақылауында. Ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен бұл жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Балаға дер кезінде көмектесіп, бейжай қарамаған жүргізушілерге алғысымызды білдіреміз. Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тікелей жауапты екендерін еске саламыз. Кішкентай балалар ересектердің тұрақты бақылауында болуы тиіс, әсіресе жол маңында, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Баланың ата-анасы немесе қамқоршыларының жеке басы әзірге анықталған жоқ. Олар табылғаннан кейін, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Полиция қызметкерлері баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерге салғырт қарағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

“Ата-анасын жазаға тарту керек”, “Әке-шешесінің “артық” балалары бар ма?”, “Ата-анасына айыппұл төлету керек”, “Сұмдық, бір рет емес, бірнеше рет болған”, “Бала ата-анасына керексіз болғаны шығар”, “Баланы қалай қараусыз қалдыруға болады”, “Ата-ана құқығынан айыру керек”, “Сосын жүргізуші кінәлі дейді”, – деп жазды желі қолданушылары.

Айым Болатқызы
Жұма, 20 Маусым, 2025 14:37
Талқылау