Ақтөбеде жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (видео)
Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
17 қаңтарда Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында кешкі уақытта белгісіз автокөліктің жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Opel Astra автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісін анықтады. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, жүргізуші ұсталды.
19 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы және 611-бабы 2-бөлігі Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып жол-көлік оқиғасы болған орнын қалдыруы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Медициналық тексерістен кейін жасөспірім үйіне қайтарылды.