Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жастар бағдарламасы бойынша ипотекалық бағдарламаға тек 70 адам өткен

Ақтөбеде жастар бағдарламасы бойынша баспана алуға өтініш берген 1,8 мың адамның 70-і ғана тізімге енген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Баспана алуға өтініш электронды форматта қабылданған. Нәтижесінде облыстың 1834 тұрғыны "Ақтөбе жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген. Алайда 1226 өтініш бірден қабылданбады. Себебі біреулерінің құжаты түгел емес, басқалары бағдарлама шарттарына сай келмеді.

“Қалған 608 өтінішті қабылдау комиссиясы қарады. Нәтижесінде негізгі тізімге 70 үміткер, қосымша тізімге тағы 98 адам енгізілді. Негізгі тізімдегі үміткердің төлем жасайтын жағдайы жоқ болып шықса, қосымша тізімге енгізілген адамға мүмкіндік беріледі”, – деп түсіндірді Ақтөбе облысының әкімдігі.



Бағдарламаның өзі 35 жасқа дейінгі жастарға жеңілдетілген несиеге баспана алуға мүмкіндік береді. Кандидаттарды іріктеу кезінде ауылда жұмыс істейтін жастарға басымдық берілді.

Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінді, оның 500 миллионы жергілікті бюджеттен болған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2025 жылы екі ипотекалық бағдарлама іске қосылатыны туралы жазған едік. 

Талқылау