Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жасөспірімді оңбай сабап, тонап кеткендер тек ұрлық үшін жазаланды

Фото: Жәбірленуші/анасы Өтебике Құрсаубаева

Ақтөбе облысында қатарластарынан оңбай таяқ жеген колледж студентінің анасы ұлын ұрғандарды қатаң жазалауды талап етіп отыр. Жарты жыл бұрын Алға қаласында 16 жасөспірім соққыға жығып, есепшотындағы ақшасын да тартып алған. Бірақ бұзақылар тек екеуі тонау бабымен жазаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Екі балаға да жеңіл жаза беріп тұр. Шамалы қатаң беру керек деп ойлаймын. Өйткені ертең олар, қазірдің өзінде кешкісін шықпау керек қой, екі жыл шартты мерзім берілген. Олар ештеңеден қорықпайды, ештеңеден саспайды. Мәз болып көшеде бәрі жиналып жүр. Ал менің балам болса, ауру болып кетті. Енді мен оны қаншама жыл емдеуім керек”, – дейді студенттің анасы Өтебике Құрсаубаева. 

Қазір жасөспірім күнара дәрігерге көрініп, сабағына да әрең барады. Бұзақылар 16 жасөспірімді тепкінің астына алып, денесінің сау тамтығын қалдырмаған. Жеткіншек сол жерде есінен танып қалған. Ал бұзақылар студенттің есепшотындағы екі жарым мың теңгені тартып алған. Кейін осы дерек бойынша екі бозбаланың еркіндігі шектеліп, қалған 14 жасөспірімге қатысты іс қысқартылған.


Атырау облысында 7-сынып оқушысы қатарластарының соққысынан ауруханаға түсті


Ақтөбе облысында бір топ адам 17 жастағы колледж студентін соққыға жыққан: Анасы әділдікті талап етті


Арызданып жүрген анасы кінәлілердің жазасыз қалғанына ашынады. Себебі қазір ұлына қатысты қысым күшейген. Аузына келгенін айтып, көшеде еркін жүргізбейді дейді анасы.

“Алға ауданы полиция бөлімімен қарақшылық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Тергеу біткеннен кейін сотқа жүгінді. Екі күдікті екі жылға бас бостандығы шектеу бойынша сотталды”, – Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір сот шешімі өз күшіне енді
 

Айым Болатқызы
Жұма, 30 Мамыр, 2025 09:58
Талқылау