Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жалған ПТР анықтамасын жасаған ерлі-зайыпты ұсталды

Ақтөбе полициясы жалған ПТР анықтаманы сатып келген ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында 2020 жылдың соңынан бастап жалған ПТР анақтаманы сатып жүрген ерлі-зайыптыны ұстады. Ақтөбенің 33 жастағы тұрғыны мен оның әйелі жасаған іс әшкере болды. Келіншегі қаладағы медициналық орталықтардың бірінде дәрігер болып жұмыс істеген. Ол күйеуіне ПТР анықтама жасап беріп, сатумен айналысқан.

"Күйеуі "Жайсаң" шекара бекетінде Ресейге баратын жүк көліктерінің жүргізушілеріне ПТР анықтама ұсынған. Анықталғандай, жүргізушілердің деректерін жұбайына жіберіп, ал жұбайы жалған анықтаманы күйеуіне беріп отырған. Сотқа дейінгі тергеу барысында көрінеу жалған ПТР анықтама қолданған 10 адам куәгер ретінде анықталып, олардан жауап алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Көрінеу жалған құжатты пайдалану" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Талқылау