Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ұялы телефонды қуаттау мүмкіндігі бар аялдамалар салынды

Өткенде Ақтөбедегі 5-шағын аудандағы аялдамалардың ескі павильондары алынып тасталған болатын. Осы аптада «Мәңгілік алау» жағындағы аялдама пункті жаңадан қойылды.

  қуаттау

Бұл туралы “Ақтөбе” басылымы жазды.

Жаңа аялдаманың жоғарғы жағында жарық-диодты дисплей бар. Тағы бір жаңалық — аялдама бағанасына usb-кабельге арналған үш көзі бар порт орнатылған. Аялдамада тұрған адам анықтап қарамаса, қуаттандыру жабдығын бірден көре қоймасы анық.

Телефоныңыздың қуаты таусыла беретін болса, өзіңізбен бірге енді usb-кабель алып жүрсеңіз болғаны. Алайда, қуат көзі жауын-шашыннан қорғалмаған, беті ашық тұр.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, Есет батыр көшесі, Молдағұлова және Әбілқайыр хан даңғылдары секілді 6 орталық көшеге қойылатын usb-порты бар 12 аялдама пункті үшін жергілікті бюджеттен 19 миллион теңге бөлініп отыр.

«Мұндай павильондар негізінен адам көп жүретін жерлерге қойылады. «Қалтасы бар» аялдамалардың құны —  шамамен 1 миллион 600 мың теңге. Ал «қалтасыз» аялдамалар миллион теңгеге жуықтайды», — дейді аталған бөлімнің маманы. Айтпақшы, бұдан басқа Ақтөбеде демеушілердің қаржысы есебінен зарядтауға арналған порты жоқ 20 жаңа аялдама бой көтереді.

 

Талқылау