Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде үлескерлерді алдаған компания басшылары сотталып, тұрғындар 5 жылдан бері үйсіз жүр

Үлескерлер 5 жылдан бері үйіне жете алмай жүр

Фото: Видеодан скрин

Ақтөбелік үлескерлер “Сафин” деп аталатын компаниясына ақша салып, соңында баспанасына жете алмай отыр. Өйткені компания басшылары алаяқтықпен сотталып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арыз-шағымын естір деген оймен 50 шақты адам облыс әкімдігінің алдына жиналды. Олардың айтуынша, үйдің төрт қабырғасы тұрғызылғанымен, құрылыс сол күйі бетпей қалған. 

“25 миллион салдым. Бесінші жылға кетіп отыр. Сонда кім шешіп береді, соны айтыңыздаршы?! Сол үшін әкімдіктің алдына келіп отырмыз. Жерімізді, үйімізді шешіп берсін! Мында халық жиналып жатыр”, – дейді үлескерлердің бірі Мәрзия Жкесенғалиева.

Үлескерлер ақша салған “Сафин” деп аталатын компания басшылары алаяқтықпен сотталып, тағы бір инвестор бас бостандығынан айрылды. Енді үлескерлерге тиесілі үйді әкімдік арқылы салар сәтте жердің иесі пайда болыпты. Оның да неше жылдан бері үлескерлердің үйсіз жүруіне кінәсі бар дейді жиналған тұрғындар. Шенеуніктер қазір тергеу жүріп жатыр дейді.

“Қылмыстық іс қозғалғанына байланысты жер мәселесі шешілмей отыр. Қылай қылмыстық іс аяқталады, жер мәселесі шешіледі. Ақтөбе құрылыс компаниясына іс толық аяқталғаннан кейін толық аударылады. Жұмыс оған дейін басталмайды. Қылмыстық іс аяқталғаннан кейін басталады”, – дейді Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының бас маманы Айдос Жоламанов.

Айым Болатқызы
Жұма, 08 Тамыз, 2025 09:47
Талқылау
`