Ақтөбеде түрмеде отырып, өзге сотталушыларға терроризмді насихаттаған азаматқа үкім шықты
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҰҚК сайтында жазылды.

Ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылғы 28 желтоқсанда Ақтөбе қаласының №2 соты аталған адамды ҚР ҚК 174-бабы және 256-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.
- Қазақстанда сотталғандар жоғары оқу орнына түсіп, баспана алу үшін ақша жинай алады
- "Өзімді қорғаймын деп, күйеуімді өлтіріп алдым": Таразда үш баланың анасы сегіз жылға түрмеге қамалды
"Айыпталушы 2015 жылдан бері экстремистік қылмысы үшін жазасын өтеп келген. Осы уақытқа дейін радикалды идеологияны ұстанып, оны түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында насихаттаған", - делінген ҰҚК таратқан мәліметте.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар