Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде тұрғындар жүйке ауруына шалдыққандармен бір емханада емделуге қарсы шықты

Ақтөбеде жүйке ауруына шалдыққандардың жақындары психоневрологиялық диспансердің жабылуына қарсы. Өйткені, ақыл-есі кем науқастарды наурыз айынан бастап учаскелік емханаларға бөліп берген. Ал онда еш жағдай қарастырымапты. Сондай-ақ, ақыл-есі түзу науқастармен жүйкесі сыр бергендерді қатар емдеу жөн емес дейді тұрғындар, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Туғалы жүйке жүйесі ауыратын Ләззатты анасы көзден таса қылған емес. 22 жастағы жалғыз қызының күтпеген жерден талмасы ұстап, қол-аяғы құрысып қалады екен. Бұрын ондай кезде дереу психо-неврологиялық диспансерге жеткізетін. Енді диспансерді таратып, тұрғылықты жеріндегі емханаға баруға тура келеді. Бірақ ол жақта жүйкесі сыр бергендерге еш жағдай жасалмапты.

«Біздің өзіміздің емханымызды қайтып берсін. Менің сұрайтыным сол. Біздің жанымызды түсінбейді. Басына түскен адам ғана біледі», – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Мәрзия Зағиева.

Қазір ақылынан ауысқанды да, күйзеліске шалдыққанды да психиатр маман тек учаскелік емханада қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы солай. Өйткені, жүйкесі сыр бергендер саны соңғы кезде артып кеткен. Бір Ақтөбе облысының өзінде осындай диагнозбен он мың адам тіркеуде тұр. Арнайы емханаға баруға көбісі арланады. Сондықтан диспансерді жауып, қарапайым емханаларда ем жүргізетін болдық дейді басшылар.

«Енді  диспансердің жұмысын осы алғашқы медициналық орталық атқарады енді. Бұл халыққа жақындау. Көп науқастар психикикалық ауытқу болған кезде уақытында дәрігерлерге келмейді»,- дейді Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансерінің директоры Сәкен Қапанов.

Жүйке ауруына шалдыққандардың диспансері жабылғанымен, дәрігерлері жұмысыз қалмайды. Учаскелік емханалардағы қабылдауды солар жүргізеді. Ал оқшау ем алғысы келетіндер үшін ауруханаға жатуға болады дейді дәрігерлер. Ол жындыхананың өзінде қазір үш жүз науқас бар.

Оқи отырыңыз:

Таразда 3 400 теңге үшін дәмханада болған атысқа қатысты жаңа дерек шықты

Депутаттар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» сатуға қарсы шықты

Мәжіліс депутаты жекешелендіруге қатысты: Бұл не мазақ?

Оралда қонақ үйден алматылық жігіттің өлі денесі табылды

Талқылау