Ақтөбеде травматикалық тапаншадан оқ атып, 25 жастағы жігітті жаралаған бұзақыларға іздеу жарияланды
Ақтөбенің қақ ортасында атыс болды. Белгісіз біреулер травматикалық тапаншадан оқ атып, 25 жастағы жігітті жаралаған. Сол бойда олар із жасырып үлгеріпті. Қазір тәртіп сақшылары қала бойынша оларды іздеп жатыр, деп хабарлады КТК.
Оқиға Ақтөбенің қақ ортасындағы Абай даңғылында болған. Бұл жер дәл облыстық әкімдік пен аймақтағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратына көршілес.
«Травматикалық тапаншамен қаруланған адамдар таң атпай супермаркет жанында оқ атады. Олардың саны қанша болғанын тәртіп сақшылары нақты айта алмай отыр. Дегенмен, сол маңда болған 25 жастағы жігітті жаралаған. Қылмыскерлер жедел із жасырып үлгеріпті. Оларды қала бойынша іздеп жатыр. Ішкі істер департаменті өкілдері сондай-ақ тұрғындардан да көмек сұрауда. Көрген-білген адамдар болса 102, немесе Ақтөбенің кодын теріп 55-78-24, 729-601 телефондарына хабарласса дейді.
«Оқиға Ақтөбенің қақ ортасындағы Абай даңғылында болған. Бұл жер дәл облыстық әкімдік пен аймақтағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратына көршілес»,- Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ол жігітті облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізіп, ота жасаған. Дәрігерлер оның беті бері қарап, қазір жағдайының түзелгенін айтады. Травматикалық тапаншадан атылған оқ оның кеудесі мен ішіне тиген. Резеңке оқ болса да жақыннан көздепті. Сондықтан жарақаты да ауырлау болды. Дегенмен, дәл қазір алаңдауға еш негіз жоқ дейді мамандар.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандықар бүгін Көрісу күнін тойлап жатыр
ШҚО тұрғыны өз басын қатерге тігіп, суға кеткен ер адамды құтқарып қалды
Алматы облысында полицейлердің сылбырлығына ашынған тұрғындар ұрыларды өздері іздеуге кірісті
ШҚО-да тасыған өзеннің арғы бетінде қалған 7 адам 3 күн бойы сонда түнеген