Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде төрт оқушы мектеп мұғалімін сабап тастады

Ақтөбе облысында 11 сынып оқушылары физика пәнінен сабақ беретін жас мұғалімді сабап тастады. Оқиға Арынов атындағы Қарғалы орта мектебінде орын алған.

c414949c9152062ccad8aacd59e92b5e

Бұл туралы “Диапазон” хабарлады.

Мектеп әкімшілігі төбелеске қатысқан оқушылардың тәртіпті балалар қатарынан болғанын айтты. Куәгерлердің айтуынша, бітіруші түлектер мен мұғалімнің арасындағы араздық өткен аптада болған. Нәтижесінде қолы сынған мұғалім ауруханаға жатқызылды.

Аталған іс бойынша полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Оқиға сабақ аяқталған соң, түстен кейінгі уақытта орын алды. 11-сынып оқушылары алғашқы ауысымда оқиды. Төрт бала. Түсініспеушіліктің неден туындағанын біз білмейміз, онымен полиция айналысуда. Жалпы оқиғаға қатысы бар оқушылардың бәрі де жақсы оқиды, ешқандай есепте тұрған емес. Олардың осындай іске барғанын естігенде өзіміз де таңқалдық. Мұғалім ауруханада, қолы гипстелген, ал жалпы жағдайы жаман емес. Өз аяғымен тұрып жүр. Әзірге жұмысқа шыққан жоқ, ал балалар сабаққа келіп жүр. Ата-аналармен де кездестік, оқушылар мұғалімнен кешіріп сұрады, ол да кешірді», – дейді мектеп директорының орынбасары Бибінұр Қабатбергенова.

Жіберіп алмаңыз: 

Мемлекеттік қызметте «13-жалақы» мен мерекелік сыйақыларды алып тастайды

Семейде күйеуімен ұрысып қалған келіншек сәбиін өзенге ағызып жіберді

Көкшетауда 20 жастағы студент қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

ОҚО-да 4 қыз букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

 

Талқылау