Ақтөбеде террористерді ұстау операциясы жүргізілуде (видео)
Ақтөбеде террористерді ұстау бойынша арнайы операция жүріп жатыр. Күдіктілер қарулы қарсылық көрсетуде, деп хабарлайды ҚР антитеррорлық орталығы.

Сурет ҚР ҰҚК
“10 маусымда Ақтөбе облыстық терроризммен күрес жедел штабы Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырғандарды ұстау операциясын жүргізуде. Олар оңай берілмей қарулы қарсылық көрсетуде”, – делінген ҚР ҰҚК ресми сайтындағы хабарламада.
Операция әлі жалғасып жатыр, оның нәтижелері кейінірек хабарланбақ.
“Күштік құрылымдардың әрекеті кезінде жергілікті халықтың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі”, – делінген хабарламада.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасы көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"