Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлер 9 жасар қызды зорлады деген күдікпен кінәсіз ер адамды қамап ұстаған

Ақтөбеде 9 жасар қыз зорланғаннан кейінгі алты күнде полиция ондаған ер адамды жауапқа тартты. Олардың арасында Ақтөбе облысының тұрғыны Нұрлан Шандин де болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның фотосы әлеуметтік желілерде пайда болды, онда ер адам педофил деп аталды. Енді Нұрлан Шандин өзінің және жақындарының өмірі үшін қорқамын деп мәлімдейді.

Нұрлан Шандин вахталық жұмыстан үйіне қайтпақ болған жолда Ақтөбеге пәтер жалдап қонбақ болады. Ол дүкенге шығып, азық-түлік алып қайтқан жолда полицейлердің құрығына түседі. 

"Мен не істеп қойдым? Адам өлтірдім бе деп сұрадым. Олар "Одан да ауыр күнә жасадың" деді. Мені кешке дейін кінәні мойында деп жауапқа алды", - деді жәбірленуші.

Ол полицейлердің жауабынан босағанда суреті педофил деген атпен желілерге тарап үлгерген екен. Педофилге өлім деген атпен тарап кетіпті. Осыдан соң Нұрлан өзі мен жақындарының өмірі үшін қорыққанын айтты. 

Ал, 9 жасар қыздың мекен-жайы туралы ақпарат таратқан полицей жұмыстан кетіп қалған. Облыстық прокурордың орынбасары Бауыржан Мендебаев Нұрланнынң күдікті емес, куәгер ретінде шақырылуы тиіс болғанын алға тартты.  Оның бұл істе кінәсі жоқ екенін жеткізді.

Полиция Нұрлан Шандиннен ресми түрде кешірім сұрады. Ал, өз  кінәсінің жоқтығыны дәлелдеу үшін Нұрлан журналистерге жүгінген болатын. Нұрлан 4 баланың әкесі. Ол өзінің де 9 жастағ қызы барын айтады.

Бұған дейін 9 жасардың қызды өз үйінде белгісіз ер адамның зорлап кеткенін хабарлаған едік. 

Талқылау