Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде орталық саябақтағы жерді жалға беру ақысы бес жыл бойы бюджетке түспеген

Ақтөбеде бес жыл бойы қалалық саябақтағы жерді жалға алғаны үшін төленетін қаржы бес бойы бюджетке түспеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

парк ақтөбе

Фото: Диапазон басылымы

Көбіне кәсіпкерлер президент саябағындағы жерді балалар машинасын жалға беру, фастфуд, велосипед жалға беру үшін алады екен. Сонымен қатар саябақты абаттандыруға жауап беретін "Қызмет Ақтөбе" кәсіпорны қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жанында жұмыс істеген.

"Кәсіпорын саябақ аумағындағы жерді жалға беру бойынша келісімшарттар жасасқан. Жалға беру құны 50-100 мың теңге аралығында болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше соңғы бес жыл бойы қаржыны бюджетке аудармаған", – делінген басылым хабарламасында. 

Қазір нақты қанша соманың бюджетке түспегені бегісіз. Антикор өкілдері мемлекеттік орган тарапынан "Қызмет Ақтөбе" кәсіпорнының жұмысын бақыламаған дейді. 
 

Талқылау