Ақтөбеде мүгедектігі бар оқушыны тонап кеткен студент жазадан құтылып кетті
Фото: Видеодан скрин
Ақтөбеде мүгедектігі бар мектеп оқушысын тонап кеткен 17 жастағы студент амнистиямен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғамда резонанс тудырған оқиға ақпан айында болған, бірақ іс тек тоғыз айдан кейін ғана сотқа жетті. Зардап шеккен баланың анасы жасалған қылмыс үшін жасөспірімнің қатаң жазаланғанын күтті. Алайда айыпталушы кінәлі деп танылса да, оны сот залында амнистиямен босатып жіберді.
“Сот менің балама моральдық зиян келтірілгенін мойындамады, ал оқиғаның салдарынан балам қорқып, психологиялық жарақат алды. Материалдық шығынды да минималды түрде бағаланды. SIM-карта үшін тек 500 теңге. Мен заңгер емеспін және сотта тәжірибем жоқ. Бірақ мен бірден түсіндім, амнистия арқылы жазадан босату үшін кінәлілердің санын үштен біреуге дейін қысқартқан”, – дейді оқушының анасы Жанна Алдабергенова.
Көшедегі бейнебақылау камераларына балаға шабуыл жасаған сәт түсіп қалған. 11 жастағы мектеп оқушысы сабақтан қайтып келе жатқанда планшеті қолында болған. Бұл құрылғыны ол есту қабілеті нашар болғандықтан байланыс үшін қолданады. Сол планшетті 17 жастағы студент қыздан тартып алған. Оның қасында тағы екі досы болған, кейін олар тек куәгер деп танылды.
Мектеп оқушысының анасы істі тоғыз ай бойы сотқа жеткізуге тырысты. Іс жария болған соң, ол сотқа жетті. Әйел айыпталушы жасөспірімнен моральдық зиян үшін 5 миллион теңге талап еткен. Бірақ сот соманы жүз есе азайтып, айыпталушыны амнистиямен босатты. Зардап шеккен тарап сот шешімін аппеляцияға бермек.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?