Ақтөбеде мешітке түскен ұры теріс ағымның өкілі болып шықты
Темір ауданы Шұбарқұдық ауылындағы мешітке ұры түскені туралы осыған дейін жарияланған болатын. Ақпаратты «Досшан Ишан» мешітінің имамы ішінара растаған еді.
Осы жолы «Нұр ғасыр» орталық мешітінің баспасөз қызметі «тергеу барысында мешіттен компьютерді ұрлаған қарақшының деструктивті діни ағымның өкілі екендігін» мәлімдеді, деп хабарлайды Тілші.
“Тергеу әлі аяқталған жоқ. Алланың үйіне күніге құлшылыққа келіп, жамағатпен бірге сап түзеп жүрген 33 жастағы азаматтың бұл арам айласы амалға аспай, қолы сұғанақ қылмыскер қолға түсті. Ұрланған мешіт мүлкі қайтарылып, шығынның орны толық өтелді”, — деп хабарлайды баспасөз қызметінен.
Жіберіп алмаңыз:
Орамал тағуға қарсы шыққан мұғалімдерді “білімсіз” деген имамның сөзі дауға айналды
Димаш қытайлық қызға бауыр басып қалғанын айтты
Жынысын әйел етіп ауыстырған транссексуал түрмедегі келіншектермен төсектес болып келген
Талқылау

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
Сөзінше, ер адам біреудің баласын азаптау арқылы өз бетінше жазалаған

"Ішінде тоңазытқыш, массаж орындығы, караоке бар": Қазақстандық автобустан үй жасап, қалаларды аралап жүр
Автобустың ішінде тоңазытқыш, төсек, караоке, синтезатор, шкаф - керек-жарақтың бәрі бар.