Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны үйіне іліп қойған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың суретіне күн сайын сәлем береді

Ақтөбе облыстық мешітінің баспасөз қызметі Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбардың «суретіне» қатысты материал жарияланғаннан кейін шұғыл мәлімдеме жасады.

IMG_7183

Діндарлар мешіт аумағына жақын жерлерде болған оқиғаларға мешіт әкімшілігі жауап бермейтінін алға тартып отыр, деп жазады aktobenews.kz.

Айта кетейік, осыған дейін Мәртөк ауданында бір тұрғынның төрінде Пайғамбардың «суретінің» ілулі тұрғаны жайлы хабарлаған едік. Бейнеге қарап күн сайын сәлем беретінін айтқан үй иесі оны мешіттен алғанын айтты.

Материал жарық көргеннен кейін редакциямызға өзін «Мәртөк ауданының бас имамымын» деп таныстырған кісі, аудандық әкімдіктің өкілдері қоңырау шалды. Ал, түн ортасына таман «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметінен ресми мәлімдеме тарады.

«Соңғы жылдары Мәртөк мешітінде имамдық қызмет атқарған дін мамандарының айтуынша, мешітте Пайғамбар суретін (с.ғ.с.) тарату фактісі мүлдем тіркелмеген. ҚМДБ-ға қарасты, соның ішінде Ақтөбе аумағындағы барлық 67 мешітте де діни рәсімдер ислам шариғатына сай жүзеге асырылады. Демек, Алланың үйінде оның дініне қайшы әрекетке жол берілуі мүмкін емес», — делінген онда.

Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, Aktobenews.kz тілшісіне сұхбат берген Мәртөк ауданы тұрғынының нақты аты-жөні ақпаратта көрсетілмегендіктен, онымен байланысу мүмкін болмай отыр.

«Әйтсе де, оған және барша тұрғындарға мұсылманның Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сый-құрметі мен сүйіспеншілігін білдіруі, сағынышын жеткізуі оның (с.ғ.с.) «суретін» сақтау арқылы емес, есімі аталғанда салауат жолдап, оның (с.ғ.с.) сүннетін берік ұстану арқылы жүзеге асатындығын жеткізгіміз келеді. Алла баршамызды адасудан, ағаттықтан сақтасын», — деп жазады мешіт қызметкерлері.

Тағы да оқыңыз:

Асылжан: Прокурорды ұрғаным есімде жоқ, бар ойым әкемнің қансыраған денесін құшақтау болды

Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті

 

Жанжал: Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге келмеске кетті

Талқылау