Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады деген күдікке ілінді
Фото: freepik.com
Ақтөбелік жасөспірім анасын пышақтап өлтіріп, әжесін жарақаттады деп күдікке ілінді. Мектеп оқушысы қамауға алынды. Қанды оқиға 2 желтоқсан күні болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция зорлық белгісі бар әйелдің денесі пәтерден табылғанын растады. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Кінәсін мойындаған.
“Ақтөбе қаласының полиция кезекші бөліміне қала пәтерлерінің бірінде аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен наряд пәтерден зорлық белгілері бар әйелдің мәйітін анықтады. Сонымен қатар осы пәтерден пышақ жарақаттары бар қарт әйел медициналық мекемеге жеткізілді”, – деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаменті.
Анасын өлтірген жасөспірімге қатысты Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып түсініктеме берді.
“Өте өкінішті жағдай. Күдіктінің жасы – 16-да. Ол толыққанды отбасында тәрбиеленіп жатқан, әлеуметтік жағдайы жақсы, оқу үлгерімі де жоғары, алайда мінезі тұйық бала болған. Осы оқиғадан кейін білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шаралар күшейтілді. Ата-аналарға балалардың тәртібі мен мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият болуға, бақылауды күшейтуге және алдын алу шараларына түсіністікпен қарауға шақырамыз, – деді басқарма басшысы.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан, қосымша ақпарат жариялауға болмайтыны айтылды.
"Қайғымен аяқталған мереке": Пойыз басшысына 6 рет пышақ сұққан қазақстандық 20 жылға сотталды
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында 14 жастағы оқушы қызды пышақтап кеткенін жазған едік. Қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол қашпақ болғанымен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді