Ақтөбеде майор сотталушыларды ұстау кезінде фантастикалық кинолардағы трюкты қайталаған
Ақтөбедегі КА-168/3 (қоныс-колониясы) мекемесінің қызметкері, әділет майоры Нұржан Жидеханов іздеуде жүрген сотталушыларды ұстау кезінде фантастикалық кинолардағы трюкты қайталаған, деп Қазақпарат ХАА.
Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәліметінше, Жидехнов қылмыскерлер мініп қашып бара жатқан көлікке жабысып, 10 шақырым бойы ілесіп барған. Осылайша қашқындарды ұстаймын деген колония қызметкерін үсік шалды.
«Оқиға Ақтөбенің 41-разъезі ауданында орын алды. Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері түн жарымына қарай жедел-іздестіру шараларының барысында КА-168/3 қоныс колониясынан қашып кеткен қылмыскерлер мінген Тоyота көлігін байқаған. Бір апта бұрын екі сотталушы қаладағы медициналық мекемелердің біріне барғанда іздерін суытқан», – дейді Ақтөбе облысы бойынша Қлымстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Ернат Ақылжанов.
Тоyота (минивен) көлігін мінген сотталушылар өздерінің аңдуда екенін байқап тұрған жерінен қозғала кетеді. Сол сәтте ерлік танытқан Нұржан Жидеханов көліктің руліне жабысып, жараланбау үшін тез арада көліктің төбесіне шығып алады.
Нұржан Әділханов көлік 10 шақырымдай жүрген соң жерге секіріп түседі. Осы кезде Ақтөбе облыстық Ішкі істер басқармасының жол-патрульді қызметі мен жергілікті полиция қызметкерлері көліктің жолын жапқан.
Сотталушылар сонда да қарсылық танытқанымен ақыры ұсталды. Көліктен оғы бар қару табылған.
«Қылмыскерлер мінген көліктің төбесінде отырып, оларды аңдыған Нұржан Жидехановтың екі беті, қолы мен құлағы үсіп кеткен. Қазір ол ауруханада», – деп хабарлады Ернат Ақылжанов.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте 91 тобының жанкүйерлері зейнеткерлерге тегін жүруге жағдай жасады
ОҚО-да ерлі-зайыпты Шыңғыс ханның қабірін ашуға елбасы рұқсат етсе, өзгерістер болатынын айтады
Түркістандық “тірі пайғамбар” шошқа майы мен арақты адал деп жұртты шошытты
Үстіне ақша жабыстырып алған жігіт мұқтаж жандарға алуды ұсынды