Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қаза тапқан офицердің отбасына Талғардан үш бөлмелі пәтер беріледі

 5 маусым күні Ақтөбеде қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау департаментінің офицерімен қоштасты, деп хабарлайды BNews.kz .

әскер1
Даниэль Майлыбаевты ақтық сапарға шығарып салуға марқұмның жақындары мен достары, облыс және аудан басшылығы, қайғыға ортақтаса келген жұртшылық, барлығы 500-ден астам адам жиналды.

«Жерлеуге қатысты барлық шығындарды өз мойнымызға алдық. Жаназаға келгендерге ас-су әзірлеуге де көмектесіп, ұйымдастырдық», – деді «Нұр Отан» партиясының Талғар аудандық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамгүл Ермағанбетова.

әскер

«Марқұмның отбасына қолдан келген көмектің бәрін жасаймыз. Қыркүйекте Талғар қаласында жаңа көппәтерлі үй пайдалануға беріледі. Құрылысы аяқталуға жақын. Сол үйден оның отбасына үшбөлмелі пәтер беретін боламыз», – деді аудан әкімі Райхан Садықова.
Сонымен қатар жаназаға қатысқан облыс әкімі Амандық Баталов Даниэль Майлыбаевтың отбасына 5 миллион теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетуге уәде етті.

әскер2

«Қаза болған офицер өз ісінің шебері болды. Ол әрбір офицерді танитын, әскери қызметшілердің әрқайсысының аты-жөнін жатқа білетін. Кәсіби танымы ерекше еді. Оның офицерлік жинақылығы мен байсалдылығы әркімге үлгі етерліктей. Дәл осындай жандардың арқасында көптеген әскери бөлімшелерде қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың дер кезінде жол кесілген шығар деп ойлаймын. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, Даниель. Ғұмырыңның келте болғаны өкінішті-ақ. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын…» деп жазды Даниэльді жақсы танитын Жандос Назарбаев өзінің facebook-тегі парақшасына.

Талқылау