Ақтөбеде кәмелетке толмаған баласы жыныстық қатынасқа түскені үшін анасы жазаланды
Ақтөбеде 14 жастағы бала мен 15 жастағы қыз жыныстық қатынасқа түскен. Аталған жағдай кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта қаралып, ұлдың анасы жазаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: iStock/rg.ru
38 жастағы ақтөбелік әйелге "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы айып тағылды.
"Оның 14 жастағы ұлы үйде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Кішкентай балалардың орынсыз ісі үшін енді ересектер жауап беретін болады. Жасөспірімнің анасы сотта кінәсін мойындап, ұлына қарамағанын, қазір оның тәрбиесін қадағалап жатқанын айтты", - делінген хабарламада.
Сот әйел адам кінәсін мойындағанын және отбасының материалдық жағдайын ескеріп, 48 мың 300 теңге айыппұл салды.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында 8 жасар баланы боранды күні малға жіберген ата-ана ешқандай жауапкершілікке тартылмайтыны туралы жазған едік.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"