Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде итті теуіп, аяусыз пышақтаған бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрған

Ақтөбеде итті жіпке байлап, теуіп, аяусыз пышақтап өлтірген баланың ісін комиссия қарады. Алдағы уақытта баламен психологтар жұмыс істейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

бала

Видеодан скриншот

Баланың өзі қазір тергеуде екен. Ал облыстық білім басқармасы баланы тәрбиелеу үшін бірнеше амалын қарастырып жатыр. Мәлім болғандай бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрған. 

“Тергеу амалдары аяқталған соң, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысына шығарылады. Психологтар сауықтыру жұмысының жоспарын дайындап қойды. Жоспар аясында балаға психологиялық қолдау көрсету, агрессивті мінез-құлқын түзету және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, ата-анасымен бірлескен кеңестер өткізіп, отбасы жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Мектеп әкімшілігі де оқушының білім алуына және тәртібін қадағалауға ерекше назар аударатын болады. Екінші бала да назарда болады. Немқұрайлы болмас үшін тәрбиелік, психологиялық жұмыстар жүргізіледі”, — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Еске салайық, Ақтөбедегі ауылдардың бірінде оқушы мойнына жіп байланған итті сүйреп, қатыгездікпен пышақтап тастағаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау