Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ер адам әйелін өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған

Фото: zello.poisk

Ақтөбеде 20 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Мәліметке сәйкес, 40 жастағы Аманжол мен жұбайы Гүлжахан таңғы сағат 10:00 шамасында 41-разъезд маңындағы үйінен шығып, көлікпен кеткен соң байланысқа шықпаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

21 қарашада жоғалған ерлі-зайыптылардың мәйіті табылғаны белгілі болды. Олардың соңында бес баласы қалды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Қала сыртынан 43 жастағы әйелдің денесі зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.


"Ат жалына байлап сүйреген": Жетісу облысында әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты іс сотқа жіберілді


"Әйелдер іш киімін киіп алған қатыгез": Петропавлда балаларын ұрып, әйелін жүре алмайтын деңгейге жеткізген ер адам ұсталды


"Жүргізілген шаралар барысында жолдасының да мәйіті табылды. Ер адам асулы күйде болған. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тергеушілер оқиға орнында жұмыс істеп, аумақты тексеріп, дәлелдемелер жинап жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, әйелді күйеуі өлтіріп, содан кейін өз-өзіне қол салған. 

Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапты. Әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынды. Марқұмның туыстырының айтуынша, ер адам әйелді 2 жасар қызының көзінше айуандықпен ұрып-соғып, кейін далаға шығарып, аттың жалына байлап сүйреген көрінеді. Ал күдікті ер адам әйелі селфи жасап жатқан кезде екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп ақталған.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 21 Қараша, 2025 15:05
Талқылау