Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ауылға келіп көршісінен зорлық көрген жас дәрігер қыз ауруханадан шықты

Ақтөбеде медицина университетінің 25 жастағы түлегі ауруханада бір айға жуық емделді.

lejat-v-bolnice-1

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

19 қыркүйек күні жедел медициналық жәрдем ауруханасына көршісінен зәбір көрген әйел жеткізілген болатын. Дәрігерлер жағдайын орташа ауыр деп бағалады: оның тістері сынып, денесінде сау жері болмаған. Ауруханада өзге дәрігерлермен бірге психологтар жұмыс істеді.

«Науқастың жағдайы жақсарды, жақын күндері ауруханадан шығардық, тұрғылықты жерінде қосымша ем қабылдайтын болады», – деп атап өтті жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігер орынбасары Ардақ Есенжолова.

Келіншек жұмыс істейтін Әйтеке би аудандық ауруханасы оның ауылда қалатыны, не қалмайтыны әлі белгісіз екенін хабарлады.

25 жастағы дәрігер төрт ай бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша шалғайдағы ауылға жұмысқа келген. Оны 47 жастағы көршісі аяусыз соққыға жығып, зорлаған. Қылмыс дәрігердің үйінде орын алған. Қыздың дауысын естіген өзге көрші жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Жас дәрігер жеті айлық ұлын жалғыз өзі тәрбиелеуде. Оқиғадан кейін емізулі баланы туыстары алып кеткен.

Жәбірлеуші күдікті қамауға алынды.Оның бес баласы бар, үлкен балалары отбасын құрған.

 

Талқылау