Ақтөбеде бейітті бизнеске айналдырмақ болғандардың басы бәлеге қалды
Қорымды қарауға әкімдік сенімхатын алған кәсіпкердің ісін енді монополияға қарсы комитеттегілер тексермекші. Компания адам жерлеуге қойған құндары үшін әзірге ескерту ғана алған, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Сурет: vb.kg
Қала іргесіндегі елу қорымның күтімі үшін аукционды жалғыз компания ұтыпты. Тексерушілердің айтуынша, олардың өзге кәсіпкерлерді зират маңына жолатпай, өз қызметтерін ғана тықпалауы заңға қайшы. Ең қызығы бюджет туралы заңға сәйкес кез-келген адамды жерлеуге алты шаршы метр жер тегін берілуі тиіс. Ал сол қорымды қарау әкімдіктің мойнында. Сондықтан ақтөбелік шенеуніктердің тендер ойнатуына не түрткі болғаны белгісіз. Бұған дейін Қурайлы тұрғандары ауыл іргесіндегі қос қорымның жекенің қолына өтуіне қарсылықтарын білдірген болатын. Өйткені, зират маңындағы жерді жалға алған компания адам жерлеу үшін жиырма мың теңгеден жүз мың теңгеге дейін ақы сұраған-ды.
“Әкімдіктің қорымды сенімхатпен беру әрекеті компаниялар арасындағы бәсекелестікті тежейді. Монополияға қарсы заңды бұзатындықтарын көріп отырмыз. Сондықтан әкімдіккке алдын-ала ескерту жолдадық”, – дейді Ақтөбе облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Сағындық Ерғалиев.
Жіберіп алмаңыз:
Елімізде бензин тағы қымбаттады
Желіде әйгілі дінтанушының жесір әйелді жыныстық қатынасқа шақырған видеосы пайда болды (видео)
Ақсақал президент Назарбаевқа қалай сәйгүлік сыйлағанын айтып берді
Сыныптастарын ұрып, ұстазына қол көтерген оқушы диспансерге жатқызылды