Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бетперде киген ер адам көліктің әйнегін сындырып, жүргізушіні таяқпен соққыға жыққан (видео)

Видеодан скрин

Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласында бетперде киген ер адам автокөліктің әйнегін сындырып, жүргізушіні таяқпен аяусыз соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға үйдің кіреберісіндегі камераға түсіп қалған. Видеодан бетперде киген ер адамның көлікке келіп, жүргізуші жағындағы әйнекті сындырғанын көруге болады. Содан кейін ол жүргізушіні көліктен түсіріп, ауясыз соққыға жыққан.

Көршілер жедел жәрдем шақырып,зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жеткізілген. Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. 

"Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, ұсталды. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Зардап шеккен адам медициналық мекемеде жатыр. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды", – деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің дәрігерлердің бақылауында екенін және қажетті ем қабылдап жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда тойдағы төбелес кезінде 23 жастағы жігіт атып өлтірілгені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 21 Тамыз, 2025 21:16
Талқылау