Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ауруханада сал болып қалған 6 айлық сәбидің қазіргі жағдайы белгілі болды

Ақтөбе облысын бойынша денсаулық сақтау басқармасы ата-анасының рұқсатынсыз пункция жасалған 6 айлық сәбидің қазіргу жағдайы туралы айтып берді.

Ақтөбеде ауруханада сал болып қалған 6 айлық сәбидің қазіргі жағдайы белгілі болды

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басқарма басшысы Әсет Қалиевтің сөзінше, анасы мен сәбиі 2018 жылы 1-12 қаңтар аралығында облыстық клиникалық инфекциялық ауруханада жатқан. Сәбиге «Туа бітті ұшық инфекциясы. Жайылған түрі. Менингоэнцефалиттің қабынған түрі. Бас миының ісігі. Энтероколит, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің перинаталды зақымдалуымен қатар жүрген гипертензиялық-гидроцефальдық синдромы. 3-дәрежедегі паратрофия» диагнозы қойылған.

«Осы жайтқа байланысты комиссия құрылып, баланың жұлынына пункция қойылуы керек болғаны анықталды. ҚР ДСМ клиникалық хаттамасына сәйкес, «уытты ми дерттері» диагнозында аталған диагностикалық тексеру міндетті саналады және стационарлық деңгейде жасалады. Талдау нәтижелері сәбиде менингоэнцефалит белгілері бар екенін растады. Шынында, дәрігер сәбидің ата-анасынан хат түрінде рұқсат алмаған. Анасы ауызша келісім берген. Осы себепті дәрігерге қатысты тәртіптік жаза қолданылды.

Комиссияның пікірінше, сәбидің жағдайы пункцияға байланысты емес. Ол ем жүргізілгеннен кейін инфекциялық ауруханадан балалар ауруханасының неврологиялық бөліміне ауыстырылды. Оның жағдайын облыстық денсаулық сақтау басқармасы бақылап отыр», – дейді Әсет Қалиев.

Сәбиге жақсы күтім мен көмек көрсетілуі үшін, ол «Үмітке» жіберілген. Ал 10 мамырдан бері «Дару» клиникасында оңалту терапиясын алып жатыр.

Ал аналардың сөзінше, пункция салдарынан тек дененің белден төменгі бөлігі зақымдалады. Ал оның сәбиінің қолы жұмыс істемей қалған. Бұл пункция емес, негізгі дерттің салдарынан болып отыр, дейді олар.

Оқи отырыңыз:

Ауруханада сал болып қалған 6 айлық сәби: Денсаулық сақтау басқармасы жағдайды бақылауға алды

Ғалымдар: Адам жас денеде 130 жасқа дейін өмір сүре алады

Киім түстері де әр түрлі дертті емдеп жазады

Қазақстанда алғаш рет денені тілмей өңеш обырына ота жасалды

Талқылау