Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде аула сыпырушы ойын алаңында ер адам мен балаларға пышақпен шабуыл жасаған

Ақтөбеде ойын алаңында белгісіз ер адам балаларға шабуыл жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/aktobe_zello

Оқиға 6 сәуірде Абай даңғылындағы балалар ойын алаңында болған. Екі бала ойнап жүрген кезде белгісіз ер адам олардың қасына келіп, тиіскен. Үлкен баланы сыпырғышпен ұрып, пышақпен қорқыта бастаған. Екінші бала әкесіне телефон соғып үлгерген.



Куәгерлердің айтуынша, балалардың әкесі ер адаммен сөйлеспек болған. Бірақ ол оны кеуде тұсынан пышақтап кеткен. Балалар болған оқиғаның куәгері болған. Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті фактіні растап, күдікті анықталып, ұсталғанын хабарлады. Ол полиция бөлімшесіне жеткізілген. 

Полиция Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полицейлер қазір бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатқанын түсіндірді.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда әйел өзіне пышақпен шабуылдаған азаматтық некедегі күйеуін абайсызда өлтіріп қойғаны туралы жазған едік. 

Талқылау