Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде әкімге мектеп дәретханасында су жоқ екенін жасырмай айтқан еден жуушыны жұмыстан шығарып жіберген

Ақтөбеде мектепте еден жуушы әйел әкімге әжетханада су жоқ екенін айтамын деп жұмысынан айырылған. Гимназия басшылығының айтуынша, оны жұмыстан себепсіз қалғаны үшін шығарған, ал әйел мұны шындықты бүкпесіз айтқанымен байланыстырыды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Молдир Гапыз

12 қазанда облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Ырғыз өңіріне барған. Әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен танысып, Ырғыздағы ауыл мектептері мен проблемалық нысандарды аралайды. Мәселен, 300 орындықты гимназияда су мәселесі туындаған, бұл туралы әкім мен облыстық білім беру мекемесінің басшысы Жайық Сұлтанға еден жуушы әйел айтып берген.

“Міне, қараңыз, су ағып тұрған жоқ”, – деген Мөлдір Ғапыз суды ағызбақ болады, алайда судың жоқ екенін барлығы көреді. “Жаңа щетканы да (туалет щеткасы – ред.) әкім келерінің алдында сатып алған”, – деп жалғаған әйел.

Біраз уақыттан кейін шындықты жасырмай айтқан қызметкерді жұмыстан шығарып жібереді. Мөлдір Ғапыз 13 қарашада ауырып жұмысқа шыға алмай қалғанын жасырмайды, бірақ ол барлығына айтып ескерткен.

“Содан бір ай өткен соң жалақысыз еңбек демалысын беру туралы өтінішім жоғалып кетті, ауырып қалғаным туралы жазылған қағаз қабылданбады, мені жұмыстан шығарып жіберді. Жалақысыз еңбек демалысына шығу туралы өтінішім қабылданбады, сондықтан 14 қараша күні ауырсам да жұмысқа келіп еден жудым. Бірақ олар маған қарсы хаттама жазып, жұмыстан шығарып жіберді. Олар менің әкімге айтқан шындығым үшін менен құтылғысы келді”, – дейді ол.



Мөлдір Ғапыз мойнындағы несие мен тірелген тығырықтан алған стресстен көп мөлшерде дәрі ішкен. Бірақ қуанышқа орай оны құтқарып қалған.

“Отбасымда мен ғана жұмыс істеймін. Анам – зейнеткер, ұлым – ерекше күтімді қажет ететін бала. Бірақ мен мемлекеттік органдарда жұмыс істей алмаймын, себебі мені бап бойынша жұмыстан шығарып, балам туралы жеке мәліметтерім таратылды”, – дейді Мөлдір Ғаппаз

Алайда гимназия басшылығы мұның себебі басқа екенін алға тартады. Сөздерінше, Мөлдір Ғапыз 2020 жылдан бері Ырғыз гимназиясында жиыстырушы болып еңбек етеді.

“Мөлдір Ғапиз жалғызбасты ана, 6-сыныпта оқитын баласы бар, анасымен бірге тұрады. Ол 13-14 қараша аралығында белгісіз себептермен екі күн жұмыста болмаған. Сондықтан гимназия директоры оған хат жазып, пошта арқылы жіберді. Қызметкердің жұмыс орнында себепсіз болмағаны, жұмысқа жауапсыз қарағаны үшін гимназия директоры Г.Нұрмановаға тиісті заң аясында жұмыстан босату шарасы қолданылды”, – деп түсіндіреді Ырғыз ауданыны әкімінің орынбасары Айбек Өксікбаев.

29 қараша күні Мөлдір Ғапыз Ақтөбеге облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанмен кездесуге келген. Мөлдірдің айтуынша, олар оны тыңдап, жұмысы өзіне қайтарылатынын хабарлаған.

Талқылау