Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептерде діни әдебиеттерге тыйым салынады

Енді білім беру ұйымдарында діни және басқа да зиянды ақпаратқа жол берілмейді.  Бұл талап "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заң жобасын таныстырған Асхат Аймағамбетов  жетім балалар үшін жаңа тәлімгерлік институтын енгізу бойынша норма ұсынылып отырғанын айтты.

“Ол не үшін керек? Бұл институт 10 жастан асқан, балалар үйлерінде  тәрбиеленетін жетім балаларды  әлеуметтендіруге және өмір сүру жағдайларына бейімдеуге қосымша мүмкіндік береді. Тәлімгерлер, волонтерлік тәртіпте, яғни ақысыз, балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алып, оларға қолдау көрсетуге, әлеуметтендіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік алады. Тәлімгерге, оларды бақылауға, олардың жауапкершілігіне  қатысты нақты, әрі қатаң талаптар қарастырылды”,-деді Аймағамбетов.

Аймағамбетов балалар үйі, білім басқармасы мен тәлімгер арасында барлық қарым қатынастар шартпен реттелетінін де атап өтті.

“Заң жобасында полицияда девиантты мінез құлық бойынша тіркеуде тұрған балаларды қолдау және оңалту бойынша арнайы норма ұсынылып отыр. Басты мәселе осы санаттағы балалардың бос уақытын қамту.  Осыған орай, енді осы оқушылар проактивті форматта, яғни ешқайда барып өтініш бермей ақ, түрлі үйірмелермен және секциялармен қамтылатын болады”- деді депутат мәжілістің жалпы отырысында.

Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарында діни және басқа да зиянды ақпаратқа жол бермеу туралы нақты міндет бекітілгенін айтты. 

Талқылау