Ақтөбеде әкімнің 7 жасар жиенін өз әпкесі өлтірген болуы мүмкін
Ақтөбеде ІІД үшінші ай қатарынан 1 сынып оқушысы Саянның өлімі бойынша зерттеу жүргізуде. Ол 27 сәуір күні жоғалып кетіп, келесі күні өлі күйінде табылған еді.
Денені целлофанға орап, тастап кеткен. Сол күні баланы бүкіл ауыл болып іздесе де таппаған. Денеде тұншықтыру белгілері байқалған.
Ауылда небәрі 40 отбасы ғана тұратындықтан, қылмысты кімнің жасағаны белгілі болғандай еді. Ауылға сырттан ешкім келмеген.
“Зерттеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті бар”, – деді ІІД баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Саян Аралтөбе ауылдық округі әкімінің жиені. Ата-анасы мектепте жұмыс істейді. Ол отбасының қыздан кейінгі жалғыз ұлы болған. Кейінірек туыстары тергеу барысында жүйке ауыруымен ауыратын Саянның туыс тәтесін алып кеткенін хабарлаған.
Талқылау