Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 7 жасар қызды зорлаған педофилге үкім шықты

Ақтөбе облысында өз танысының 7 жастағы қызына зорлық көрсеткен ер адам сотталды. Хромтаулық Нұрлан Мұхамбетқалиев 17 жылға бас бостандығынан айрылды.

1487327946_cayt-1

Бұл туралы kerek-info.kz хабарлайды.

Бұл оқиға өткен жылы 15 қыркүйекте Хромтау қаласында болған . Іс материалдарына қарағанда, сотталушы сол күні қыздың өгей әкесімен және оның ағасымен бірге ішімдік ішкен. Кейін жәбірленушіні анасынан “қызыңды ұйықтатамын” деген сылтаумен оңаша алып кетіп, ойына келгенін істепті. Жазғы үйде жатқан қызды 10 жастағы ағасы байқап, бірден ата-анасына айтқан. Ал олар полицияға шағымданыпты.Сот –медициналық сараптама қыздың айуандықпен зорланғандығын растаған. Жәбірленуші психологтың көмегіне жүгініпті. Нұрлан Мұхамбетқалиевке ҚК 121- бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылды. Қылмыстық іс сотта жабық қаралды.

16 ақпан күні судья Ахметқали Молдағалиев 37 жастағы ер адамды айыпты деп тапты. Белгілісі, педофил орта білімді. Уақытша жұмыс істемейді. Үйленбеген. Өткен жылы Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Алайда жазасын толық өтемеген. Сондықтан, сот оны 17 жылға соттады. Сотталушы қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделмек. Бұған қоса ол жәбірленушінің пайдасына 1 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуі тиіс. Сондай-ақ сот қылмыстық істі тергеу барысында өрескел заңсыздықтарға жол бергені үшін Хромтау аудандық ІІБ-і мен Ақтөбе облыстық прокуратурасы бастығының атына жеке қаулы шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған сыныптастар екі мұғалімді қажылыққа жіберді

Абдуллин: Үй мен көлік сатып алып көрмеппін, бәрін достарым сыйлайды (фото)

Қазақ жігіті 3 жылдан бері жүрген сүйіктісін жүкті қылып тастап кетті

Бауыржан Байбек алматылықтардың тамақтануы мен өмір салтына қатысты сын айтты

Талқылау