Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 17 жастағы қыз хат жазып қалдырып өзіне қол жұмсады

Ақтөбеде ағасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрған 17 жастағы қыз 8 қабаттан секіріп кетті. Оқиға бүгін түнгі сағат 3.20 шамасында болған.

20170529151446

Қалалық жедел жәрдем қызметі жылдам оқиға орынына жеткенімен, тек қыздың өлімін ғана тіркеген. Қазіргі таңда ішкі істер басқармасы ҚР қылмыстық кодексінің “өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша іс қозғалып, тексеру басталған.

«Полицияға Ақтөбе қаласының Молдағұлова даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен адамның секіріп кеткені туралы хабар түсті. Белгілі болғаны, жоғары қабаттан секіріп кеткен адам 17 жастағы колледж студенті екен. Ол жалдамалы пәтерде ағасымен бірге тұрған. «Ешкімге кінә артпаймын» деп хат қалдырған. Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз:

ШҚО-да 80 жастағы әже сүрініп кетіп немересінің көзінше суға батып кетті

Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы қарындасын құтқарып, ерлікпен қаза тапты

БҚО-да соңғы қоңырау болатын күні мектепте күзетшінің өлі денесі табылды

Талқылау