Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелінің екінші күйеуін тонап кеткен
Ақтөбе қаласының 22 жастағы тұрғыны азаматтық некеде болған әйелінің үйіне барып, оның екінші күйеуімен танысқан.
Кейін оның қолындағы ұялы телефонды тартып алған. Ақтөбе қалалық №2 сотында айыпталушы Е.Жаңабектің (есімі өзгертілді — ред.) ісі қаралды. 22 жастағы қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен айыпталды. Іс материалына сүйенсек, айыпталушы 4 жыл бұрын сотталып, кейін рақымшылыққа іліккен. Қайта қылмыс жасаған кезде оған «күзетпен» ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Ол өткен жылдың соңында азаматтық некеде болған әйелдің үйіне барды. Сол кезде айыпталушы бұрынғы әйелімен бірге тұратын өзге еркекпен танысты. Ол бірден жаңа танысының қолында болған «Samsung G-2 Prime» маркалы ұялы телефонды байқап қалған.
Келесі күні түнде сол үйге қайта барып, әлгі ер адамнан ұялы телефонымен далаға шығуын сұрайды. Кездескен кезде айыпталушы бұрынғы әйелімен бірге тұрып жатқан ер адамның ісі дұрыс емес деп айтып, есебіне телефонды беруін талап етеді. Бірақ екеуі келіспей, төбелеседі.
Жанына сыбайласын ертіп жүрген айыпталушы телефон мен 1 мың теңге ақшаны алып кетеді.
Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тартып алған телефонды орталық базарға апарып, 20 мың теңгеге сатып жібергенін айтты.
№2 қалалық сотының судьясы Перизат Атыбаева 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, айыпталушы жәбірленуші А.Акуовқа 46 500 теңге материалдық шығынды өтеуі тиіс.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстан 120 бітімгерді Ливанға аттандырмақ
Екеуі дос болған: Министр полковниктің өліміне қатысты түсініктеме берді
Сауда, ойын-сауық орындарындағы тексеріс: Еліміздегі 75 нысанның үшеуі ғана қауіпсіз болған