Ақтөбе тұрғындары подъездердегі жалаңаш жезөкшелерге шағым айтты
Илек полиция бөлімінің қоғамдық көмекшісі Сәнімжан Шұғайыпованың ойынша, Қылмысқа қарсы күрес бөлімі жұмыс істеп жатқан жоқ. Ал, жергілікті полицейлердің барлық притондарды жабуға күші жетпейді.
Бұл туралы timeskz.kz хабарлайды.
Тұрғын үйлер мен вокзал алдындағы алаңдар ақырындап қонақүйлерге айналуда.
«8 наурыз көшесінде пәтер беру көбейіп, көршілерге маза бермейді. Мас жезөкшелер подъездерде жалаңаш жүреді. Жалаңаш қыздардың жерде жатқан, тұрған кездері болған. Теміржол бекеті маңына бейнебақылаку камерасын орнату керек. Соңғы кездері жезөкшелер клиенттерді Кереева көшесі мен балалар алаңынан іздейтін болды. Мен қылмысқа қарсы күрес бөліміндегілер жұмыс істеп жатқан жоқ деп ойлаймын, ал жергілікті полицейлер онсыз да жұмыс істеп жатыр», – дейді Шұғайыпова.
«Біз базаға жалға беретін 1000 пәтер мен 400 притонды енгіздік. Біз сол бойынша жұмыс істейтін боламыз», – дейді облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің жетекшісі Қанат Әлиев.
Егер жалға беруші пәтер иелері 10 күн ішінде салық есебіне тұрсама, оларға айыппұл салады.
Пәтерді жалға бері беру 8 наурыз көшесінде ғана емес. Әлиевтің айтуынша, Сәнкібай даңғылында 80 пайыз пәтер жалға беріледі.
Жіберіп алмаңыз:
ҰҚК-ның экс-басшысы мемлекеттік құпияны жария етті деп күдіктелуде
Ақтөбеде жаңа жылдық шырша мен қаланы безендіруге 56 миллион 700 мың теңге бөлінген
«Музарт» тобының ізбасарлары алғашқы өнерлерін елбасының алдында көрсетті