Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғындары лифтіде жан тапсырған тележүргізушіні ақтық сапарға шығарып салды (фото)

Сенбі күні таңертең Ақтөбе тұрғындары лифтіде жан тапсырған 28 жастағы Айзат Әбдісаматты ақтық сапарға шығарып салды.

Айзат Әбдісамат

Бұл туралы Тimeskz.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ақтөбеде Айзат Әбдісамат тұрған 12-інші шағын ауданда тележүргізушімен қоштасуға мыңға жуық адам жиналды. Марқұмның жақындары, туыстары, достары, көршілері, таныстары, әріптестері мен оның оқиғасына бей-жай қарай алмаған жандар журналисті ақтық сапарға шығарып салды.

Қайғылы оқиға куәгерлері сол күні Айзат Әбідсаматтың күйеуі жұмысында бөгеліп қалғанын айтты. Ол «АФЗ»-да кран жүргізушісі болып жұмыс істейді екен. Сол күні кешкі сағат 21:30 шамасында Айзат қызымен бірге өзі тұратын үйдің 6-қабатына көтерілмек болыпты. Қызы лифтіге кіргеннен кейін, анасы бірден жабылған лифт есіктерінің арасында қысылып қалған.

Ақтөбе тұрғындары лифтіде жан тапсырған тележүргізушіні ақтық сапарға шығарып салды (фото)

«Қайғылы оқиға орын алған күнге дейін 2 күн бойы лифт жұмыс істемей тұрды. Оны енді іске қосқан еді. Лифтінің тозығы жеткен еді. Кейде жөндеу жұмысы жүргізілгеннен кейін есіктері өздігінен ашылып-жабылып тұратын. Келініміз бірінші қабаттан екінші қабатқа көтерілген. Сол кезде ол лифті мен шахтаның арасында қысылып қалған. Салдарынан өкпесі мен іш құрылысы қысылып, ішкі ағзалары жытрылып кеткеннен кейін көз жұмды. Оның аяғын жұлып кетті деп жазып жатыр. Мұндай болған жоқ. Денесі бүтін. Жерлеу алдында денесін өзіміз жуындырдық», – дейді марқұмның анасының құрбысы Айнаш Әбілдина.

Ақтөбе тұрғындары лифтіде жан тапсырған тележүргізушіні ақтық сапарға шығарып салды (фото)

Айнаш Әбілдинаның сөзінше, Айзат Әбдісаматтың қызы анасының тірі екеніне және жақында емделіп, қайтып келетініне сенеді. Алайда кішкентай қыз жерлеу рәсімінде болмады. Бұл уақытта ол туыстарының үйінде болған екен.

«Айзаттың қызы анасының басы бір шетке қисайып кеткенін көрсетіп: «Анам шие жеді. Оны ауруханаға алып кетті», – дейді. Сол кезде анасының аузынан қан ағып кеткен болса керек. Бала бірден шие туралы ойлаған. Бұл уақытта лифтіде қараңғы болғаны жақсы болды. Әкесі жұмыстан келгеннен кейін, лифтіден 3 жасар қызы мен әйелін өзі шығарып алды», – дейді Айнаш Әбілдина.

Жақындарының айтуынша, Айзат Әбдісамат 4 жыл бұрын ақтөбелік жігітке тұрмысқа шығып, аудан орталығы Шалқардан Ақтөбеге көшіп келген. Қазіргі уақытта оның ата-анасы Шалқарда тұрып жатыр.

«Айзат әкесінің қызы болатын. Тұрмысқа шыққаннан кейін әкесінің тегін қалдырып, оны көпшілікке танытатынын айтатын. Айзат журналист болуды армандады. Алматыда журналистиік факультетін тәмамдады. Ол тез жанып-сөнген жұлдыз сияқты. Күйеуі екеуі тату-тәтті тұрып жатқан. Екінші бала сүюді қалап жүрген еді. Айзат көпбалалы отбасынан шыққан. Ата-анасының 4 баласы бар. .. Мұндай қайғылы жағдай болғанына әлі де сене алар емеспін», – дейді Айнаш Әбілдина.

Ақтөбе тұрғындары лифтіде жан тапсырған тележүргізушіні ақтық сапарға шығарып салды (фото)

Ал марқұмның көршілерінің сөзінше, қайғылы оқиғаға лифтіні жөндеу қызметін көрсететіндер кінәлі.

«1998 жылы тұрғызылған үйге қолданылған лифтілерді орнатқан. Бұл лифтілердің жұмыс істеп тұрғанына 20 жылдан асты. Бұған дейін де қанша уақыт жұмыс істегені белгісіз. Бізде үйдегі лифтілерді 20 жыл бойы жөндеп жүрген маман болған. Ол былтыр қайтыс болды. Қазіргі уақытта үйдегі лифтілердің жұмысы тоқтап тұр. Мұндай қайғылы оқиға орын алғанға дейін, лифтіге мән берген ешкім жоқ», – дейді Лидия Дзюрковская.

Оқи отырыңыз:

Астанада жоғалды деген 21 жастағы жігіт аман-есен табылды

Мұсылмандарға пасхаға арналған тағамдарды жеуге бола ма?

Шетелдік ырғақты әнге заманауи би қимылдарымен билеген әжей желіні шулатты (видео)

Павлодарда белгісіз біреулер шіркеуге өрт қоймақ болды

Талқылау