Ақтөбе орталығында бір топ полиция көлікті қоршауға алды: Ұсталғандар жәбірленушілер болып шықты

Видеодан скриншот
Ақтөбеде тапа-тал түсте жанармай бекетінде бір топ полицейлер келіп, бірнеше адамды тұтқынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде Тургенев көшесіндегі тұтқындау кезіндегі кадрлар пайда болды. Қара түсті көлікті шамамен 12 полиция көлігі қоршап алды. Ұсталғандардың бірі күштеп жерге құлатылды, ал екіншісін қолы таңылған күйінде сүйреп әкетті.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті қылмысқа күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Есет батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы тұтқындау кезінде уақытша жабылғаны атап өтілді. Қылмыс туралы қосымша мәлімет жарияланбады.
Алматы полициясы тәркіленген Mercedes-Benz G-Class көліктерін пайдаланатын болды
Полиция кейінірек ұсталған екі ер адамның жәбірленуші болғанын мәлімдеді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанармай құю бекетіндегі бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында пневматикалық қару тәркіленді.
"Күдікті анықталып, ұсталды. Тергеу нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбады.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды