Ақтөбе облысында тәрбиеші бір үзім нан үшін интернат оқушысын ұрған
Ағымдағы жылдың ақпан айында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелейтін Жайсаң арнайы мектебінде жанжал болды.
Бұл туралы Диапазон хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Құқық қорғаушы Әлима Әбдіроваға арнайы мектептің тәрбиешісі интернат оқушысын ұрғаны жайлы хабарлаған. Осыдан кейін Әлима Әбдірова полицияға хабарласқан. Оның сөзінше, ер адамды жұмыстан шығарып жіберген.
Оның үстінен «Кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатыгез қарым-қатынас көрсетіп, тәрбиелеу міндеттерін орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мартук қаласының соты Айқын Мағауияұлын 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегіп, оған үш жылға мұғалім ретінде жұмыс істеуге тыйым салды.
Алайда, сол күнгі сот отырысына келе алмаған құқық қорғаушы Әлима Әбдірова сот шешімімен келіспей отыр.
«6 сәуірде мен Астанаға кеткен едім. Ал маған соттың дәл осы күні болатыны хабарланды. Сондықтан, сот отырысына қатыса алмадым. Аудандық мектептің қызметкері баланың сот залында айтқан сөздерін жеткізді. Сөйтсе, интернат оқушысы асханада түскі ас кезінде үстелдің жанынан өтіп бара жатып, абайсызда бір үзім нанды қағып кеткен. Содан кейін оны тәрбиеші сөгіп, жұдырық астына алған. Тәрбиешінің баланы бес минут бойы ұрған видеосы да бар. Ол қоғамдық жұмыстарды атқаратын болып, оңай құтылып кетті. Оны: ол өзінің функционалдық міндеттерімен таныстырылмады деп қорғап алған екен. Ал ол бұл міндеттерсіз балаларды ұрып-соғуға болмайтынын білмеді ме? Мен фактіні жасырғаны үшін арнайы мектептің басшылығының үстінен шағымданып, олардың жазасыз қалмауына бар күшімді саламын. Бұл істі кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын инспектор емес, арнайы прокурор жүргізуі керек»,-дейді құқық қорғаушы Әлима Әбдірова.
Оқи отырыңыз:
Назарбаев: Qazaq Bank, Астана Банкі және Эксимбанк нашар көрсеткіштерге ие