Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында кенже ұлы мен келінінен қорлық көрген анасы әкімнен араша сұрады

Апталдай азамат құлқынның қамы үшін туған шешесіне қол көтерді. Жантүршігерлік оқиға Ақтөбе облысының  Хромтау ауданында болған. 75 жастағы Әжібек Молбаева кенже ұлының қолында тұрған кезін азапты күндер санайды.

ecf1803bb7f86ba53198990d7aa36775_L

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Сондай-ақ ол ұлы мен келіні ұрып-соғып, ашқұрсақ күйінде үйде қамап ұстағанын айтады.  Сөзіне қарағанда, зейнетқасын тартып алып, шешесінің атындағы үйді де алдап-cулап, өз аттарына ресімдеп алған.

Апталдай азамат құлқынның қамы үшін туған шешесіне қол көтерді. Жантүршігерлік оқиға Ақтөбе облысының  Хромтау ауданында болған. 75 жастағы Әжібек Молбаева кенже ұлының қолында тұрған кезін азапты күндер санайды. Ұлы мен келіні ұрып-соғып, ашқұрсақ күйінде үйде қамап ұстағанын айтады.  Сөзіне қарағанда, зейнетқасын тартып алып, шешесінің атындағы үйді де алдап-cулап, өз аттарына ресімдеп алған.  Ақ жаулықты ананың қазіргі жай күйі қалай? Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырады.

Он баланы бағып-қағып, тәрбиелеп өсірген Әжібек Молбаева  көресіні кенжесінен көремін деп ойламағанын айтады. Қит етсе, қарияны ұруды әдетке айналдырған. Кейуананың айтуынша, бұл дау баспанадан басталған. 36 жастағы кенже ұл мен келіні анасының атындағы пәтерді өз аттарына ресімдеуді сұрайды. Бірақ, Әжібек ана оған келіспейді.  Бұл ойларынан түк шықпағасын, қулыққа көшкен. Зейнетақысының өсейін деп жатқанын сылтауратып, құжаттарға қол қойдыртып алады.

«Үйді аударасың , ананы нетесің мен нетем десем ұрады, аударасың қалайда  мынадан ұрды, белім түйіліп қалды, жаным шығып кете жаздады, көзім көрмей қалды, совсем» — көпбалалы ана Әжібек Молбаева.

Қазір кенже қызының үйін паналап отырған Әжібек апаның бойында әлі қорқыныш пен үрей басым. Олар қаладан іздеп келіп, баяғы әрекеттеріне қайта баса ма деп қорқады.  Отбасылық кикілжің туралы  айтуға қыздары да құлықсыз. Туған бауырларының әрекеті туралы пікірі мынаған саяды:

«Ол менің бауырым болғасын кешірем. Мамам бірақ, мен жұмысқа шыққан сайын, келген сайын, жылап отырады, аналар не болып жатыр деп» — кенже қызы Әжібек Молбаеваның.

Қария тайраңдап кеткен кенже ұлын тәртіпке салса екен деп амалсыз облыс басшысына шағымданды. Бұл өтінішін әкімнің есебіне қатысып, жайып салды.

«Тиісті шара қолдану  керек. Баласы ананы ұрып-соғып, тартып алды деген масқара ғой!» — Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Қазір  полицейлер Әжібек Молбаеваның шағымы бойынша жұмыс жасап жатыр. Арызында зейнеткер ай сайын 50 мың зейнетақысын рұқсатсыз пайдаланып келген, пәтерін өз аттарына аударып алған, осындай мүсәпір күйге жеткізген ұл мен келінге тиісті жазасын беруді сұрапты.

Жіберіп алмаңыз:

Талдықорғанда мүгедектерді тегін тасымалдайтын “Мейірімді такси” қызмет етеді

Қазақстанда жерлеу рәсімдеріне қаржы жұмсауды заңмен шектемек

Науқас емханада екі дәрігер әйелді есінен танғанша аяусыз сабап тастады (видео)

Талқылау