Ақтөбе облысының әкімі қызметке келгелі сыйақы алмағанын айтты
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров сыйақысы туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында тілшіміз аймақ басшысынан сыйақысы жөнінде сұрап көрген.
"Бұл қызметке келгеніме бір жыл ғана болды. Бұған дейін сыйақы алмағанмын, биыл да алмаймын", – деп жауап берді.
Ал Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Асхат Шахаровтың сыйақыдан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді. Жалақысы 1,8 миллион теңге төңірегінде екен.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев лауазымға тағайындалған 2 жылдың ішінде мүлде сыйақы мен бонустар алмағанын айтқан еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады