Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 17 жастағы мүгедек бала мүгедек күйінде өлі табылды
Ақтөбе облысынан хабарсыз кеткен 17 жастағы мүгедектің денесі табылды.

Жігіттің денесі бесінші күні табылды. Бесінші күні Ақтөбе облысының Темір ауданында із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған бала табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Темір ауданы Бірлік ауылынан үш шақырым жерде, із-түссіз жоғалған кәмелетке толмаған 2002 жылы туылған Есеналиев Сүлеймен Нұркенұлының мәйіті жартастан табылды. Сараптама тағайындалды.
24 қарашада сағат 18:00 шамасында Сүлеймен Есеналиев үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмады.
Іздестіру жұмыстарына Темір, Байған және Мұғалжар полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері және мектеп мұғалімдері қатысты.
Сүлеймен бала кезінен екінші топтағы мүгедек.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”