Ақтөбе облысында жас мұғалім өлі күйінде табылды

Ақтөбе облысының Темір ауданында жас мұғалім өлі күйінде табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға Еңбекші ауылында болған. Полицияның мәліметінше, 2002 жылы туған жас жігіттің мәйіті үй аумағындағы шаруашылық құрылыстан табылған.
"Темір аудандық полиция бөлімінде 2002 жылы туған ер адамның өлім дерегі бойынша алдын ала тергеу басталды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайлары анықталатын болады. Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды", – делінген Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Білім басқармасы марқұмның тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегенін растады.
"Марқұм тарих пәнінің мұғалімі болған. Еңбек жолын Маржанбұлақ ауылында бастаған. 2025 жылдың ақпан айынан бастап Еңбекші ауылы мектеп-балабақшасында жұмыс істеген. Өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын, басшылық тарапынан ескертулер болмаған", – делінген білім басқармасының хабарламасында.
Темір ауданының әкімінің мәліметінше, жас жігіттің мәйтінін бірінші болып әріптестері тапқан.
"Бүгін түскі уақытта педагог сабағын бастауы керек болған, алайда мектепке келмеген. Алаңдаған әріптестері оның үйіне барғанда мәйітін тапты", – деді Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында қария екі мәйітті бал және маймен өңдеп, екі жыл бойы үйінде сақтағаны туралы жазған едік.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"