Ақтөбе облысында спорт мектебінің директорлары 12 миллион теңгені ұтысқа салып жіберген
Ақтөбе облысында екі спорт мектебінің директоры алаңдар мен залдарды жалға беруден түскен 12 миллион теңге бюджет қаражатын ұтыс ойындарына салып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Ақтөбе облысының прокуратурасының мәліметінше, директор қаражатты өз қажетіне жаратқан.
“Ол 12 миллион теңгеден астам бюджет қаражаттарын букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойындарына салған.
Аталған фактілер бойынша прокуратурамен 2 қылмыстық іс тіркелді. Олар облыстық Экономикалық тергеу департаментімен тергеп-тексерілді.
Биыл 10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"