Ақтөбе облысында бір мезетте 11 көлік соқтығысты
Ақтөбе облысында боран соғып, салдарынан Самара - Шымкент тасжолында 11 көлік соқтығысып қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болған.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
"Ақтөбе облысының полицейлері жол қозғалысы кезінде жылдамдықты, арақашықтықты сақтауды ескертеді. Көктайғақ кезінде көлік құралдарының жүргізушілері кенеттен маневр жасамауы тиіс. Ал, жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде жақын маңда автокөліктің жоқ екеніне көз жеткізуі керек", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ақтөбе облысында қазір бірнеше бағытта жол жабылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген