Ақтөбе облысында 53 жастағы ер адам келінін зорлады деген күдікке ілінді
Фото: shutterstock.com
Ақтөбе облысында 53 жастағы ер адам келінін зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, күдікті көптен бері ішімдікке әуес болған. Жуырда ол Алға ауданына қарасты Тоқмансай ауылынан өгей ұлы мен оның жас жұбайының үйіне көшіп келген. Тергеу мәліметінше, қылмыс дәл осы үйде болған.
Талдықорғанда өз қызын зорлап келген ер адамға химиялық кастрация жасалады
Жамбыл облысында жиен қарындасын 13 жыл бойы зорлап келген ер адам 22 жылға сотталды
Жәбірленуші 22 жаста. Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
“Қылмыстық істі жан-жақты әрі объективті тергеуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Іс бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Таразда 22 жастағы жігіт өз анасын зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты