Ақтөбе облысында 25 жастағы жігіт 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам 14 жастағы мектеп оқушысына зорлық жасады деген күдікке ілінді. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушыға қатысты зорлау дерегі тергелуде. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына орналастырылған. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша тергелуде.
"Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият тексеріп жатыр. Толық және жан-жақты тергеу аяқталған соң заңды шешім қабылданады. Баланың құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін басқа ақпарат жарияланбайды", – деп хабарлады облыс полицияның баспасөз қызметі.
-
Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушы қыздың денесіне қол жүгіртіп, күш қолданған (видео)
-
БҚО-да жасөспірім қызды зорлау: Шенеуніктің ісі жабылып, кейін қайта ашылды
Полиция жеке деректерді, сондай-ақ мектеп пен елді мекеннің атын жарияламауға шақырып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 10-сынып оқушысы жүкті болып, қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді