Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе қаласында 92 жастағы кейуана 8 баласынан алимент өндіріп алды

Ақтөбе қалалық сотында 92 жастағы батыр ана Д-ның 8 баласынан алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды. Талап қоюшы денсаулығына байланысты көмекке мұқтаж екенін айтып, сотқа жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Анасы қазіргі уақытта кіші қызы З-мен бірге тұратынын және ол материалдық көмек көрсететінін айтып, алиментті тек қалған 8 баласынан өндіріп алуды сұраған. Істі қарау барысында жауапкерлер анасына жеткілікті көмек көрсетіп жүргендерін дәлелдей алмады. З анасына қамқор болып жүргенін бейнематериалдар арқылы дәлелдеді.

Сот барысында талап қоюшы кейбір балаларының көп жылдан бері өзіне келмейтінін, қарым-қатынас үзілгенін мәлімдеді. Жауапкерлер З-ның оларды аналарымен кездестірмен кездесуіне кедергі келтіргенін алға тартқан. Алайда бұл дерек бұл дәлелденген жоқ.


Қостанайда жылдар бойы алимент төлемей келген ер адам ұлының тірі екенін сотта білген


"Сот төрт баласынан алимент өндіру туралы шешім шығарды. Қалған төртеуі зейнеткерлік жасқа жеткендіктен, оларға алимент міндеттелмеді. Қалған балалардың әрқайсысынан 7 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде алимент өндірілді”, – делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін алимент алушыға ақшаны қайда жұмсағаны туралы есеп беру міндеттелетіні туралы жазған едік. 

Талқылау