“Ақтөбе” футбол командасына жаңа бас бапкер келді

“Ақтөбе” футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды. Команданы енді еуропалық маман Штефан Таркович жаттықтырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде ресми түрде хабарлады. Словакиялық бапкер бұл қызметте бұған дейін команданы басқарған Николай Костовтің орнын басты.
Айта кетейік, Штефан Таркович 2013–2018 жылдар аралығында Словакия ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі болған.
Сонымен қатар, ол 2023–2024 жылдары Қырғызстан ұлттық құрамасын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен қырғыз құрамасы өз тарихында алғаш рет Азия кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"